Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда соғыс жағдайында әрекет ете алатын әскери бөлімдер құрылады – Қорғаныс министрлігі

Қазақстанда соғыс жағдайында әрекет ете алатын әскери бөлімдер құрылады – Қорғаныс министрлігі

Нұр-Сұлтан. 20 мамыр. 7kun.kz – Ел астанасында Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың қатысуымен министрліктің алқа мәжілісі өтті. Онда соғыс жағдайында, дағдарыс жағдайында әрекет ете алатын әскери бөлімдер құралатыны айтылды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Алқа мәжіліс кезінде жалпы әскери қызметтің қорытындысы, әскери және мобилизациялық дайындық, қысқы мерзімдегі тактикалық, техникалық қамтамасыз етілу нәтижесі сөз болған.

«Мемлекет басшысы Қарулы күштердің әскери дайындығы мен жабдықталуын жақсартуды, оны қайта форматтауды тапсырды. Сондықтан соғыс жәе дағдарыс жағдайында әрекет ете алатын әскери бөлімшелер құрылады», деді Руслан Жақсылықов.

Министр қатысушыларға қазіргі жағдайдағы мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі әскердің міндеті мен орнын нақтылап кетті.

Похожие материалы