Алматы. 24 маусым. 7kun.kz — Суық су және ыстық сумен қамтамасыз ету тарифтері бір жыл ішінде қысқарды: суық су - 5,7%-ға, ыстық су - 5,1%-ға арзандады, деп хабарлайды Energyprom.kz.
Бұл ретте бір айда тарифтер өзгерген жоқ. Мәселен, 2019 жылдың мамыр айының соңында ҚР бойынша орташа есеппен 1 текше метр суық су 68,7 теңгені құрады - 2019 жылдың сәуір айының соңына қарағанда 0,03%-ға ғана кем. Ыстық су, керісінше, 1 текше метр үшін 229,5 теңгеге дейін аздап (0,4%-ға) қымбаттады.
Еліміздің ірі қалалары мен мегаполистері арасында суық судың ең жоғары тарифтері — Ақтауда: текше метр үшін 223,9 тг (-4,5%). Екінші және үшінші орында Қарағанды (104,8 тг, -5%) және Атырау (103,8 тг, -8,6%).
Ең төмен тарифтер — Нұр-Сұлтан (41,6 тг, -10%), Павлодар (42,9 тг, -3,5%) және Оралда(45 тг, -5,8%) тіркелді.
Бір жыл ішінде суық суға тарифтер Өскемен қаласында 7,4%-ға, текше метр үшін 66,5 теңгеге дейін, ал Шымкентте — 0,8%-ға, 88,2 теңгеге дейін өсті.
Сондай-ақ, ҚР қалалары арасында ыстық судың ең жоғары тарифтері — Алматыда: текше метр үшін 394,2 тг, бұл өткен жылдың мамыр айына қарағанда 17,1%-ға аз. Екінші және үшінші орында - Қостанай (359,2 тг, -5,4%) және Қарағанды (337,9 тг, -2%).
Ыстық сумен жабдықтаудың ең төменгі тарифтері — Павлодарда (141,6 тг, -13,8%), Нұр-Сұлтанда (147,1 тг, -7,6%) және Талдықорғанда (186,8 тг, -20,4%).
Ыстық сумен жабдықтау тарифтерінің өсуі бір жыл ішінде тек Атырауда ғана — 8,6%-ға, кубометр үшін 241,1 теңгеге дейін тіркелді.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024