Экономика
Қазақстанда сұйытылған газдың бағасы көтерілді
Алматы. 8 қазан. 7kun.kz - Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың бұйрығы бойынша, Қазақстанда сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағасы бекітілді.
Құжатқа сәйкес сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағасы 2018 жылғы 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге бекітілді. Шекті баға қосылған құн салығын есепке алмағанда тоннасы үшін 38 701,67 теңге мөлшерінде болды.
Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.