Қазақстан. 11 маусым. 7kun.kz – Қазақстанда төртінші ай қатарынан сүт өнімдерінің бағасы өсуде. Барлық ассортимент кем дегенде бір жарым есе қымбаттады. Бұл немен байланысты және ары қарайғы баға қалай болмақ? «31 арна» анықтап көрді, деп хабарлайды 7kun.kz.
Дүкенге айран, сүт, сүзбе және қаймақ алу үшін әдеттегі баға 2500 теңгені құрайды. Сүт өнімдерінің бағасы қымбаттады. Мысалы, ақпанда майлылығы 3,2% сүт орташа есеппен 320 теңге болатын, ал қазір ол үшін 530 теңге төлеу қажет.
«Ақпаннан бастап бағалар үш рет 100-150 теңгеге көтерілді. Оның ішінде барлық сүт өнімдері – сүзбе, қаймақ, сүт қыбаттады», - дейді сатушы Ботагөз Құдайбергенова.
Сүт өнімдері құнының өсуі бір жарым жылдан бері байқалады. Сарапшылардың айтуынша, бұл мал азығының қымбаттауына байланысты. Ақпанның соңынан бастап бағаның күрт өсуіне әлемдегі геосаяси жағдай әсер етті: қажетті компоненттерді жеткізу тізбегі үзіліп, логистика қымбаттады.
«Біз сүт ингредиенттерін, құрғақ сүт өнімдерін айтарлықтай көп сатып аламыз – бұл майсыздандырылған құрғақ сүт, сарысу, ірімшік, одан әрі сүт өнімдерін өндіруге арналған сары май. Сондықтан біз әлемдік нарықтағы жағдайға өте тәуелдіміз», – деп түсіндірді сүт нарығын зерттеу орталығының жетекшісі Михаил Мищенко.
Қазақстанда 1000-нан астам сүтті мал шаруашылығы фермалары және 170 қайта өңдеу кәсіпорындары жұмыс істейді. Бірақ оларр әзірше ішкі нарықтың қажеттілігін толық жеткізе алмайды. Өндірісті ынталандыру үшін мемлекет тарапынан субсидиялар қарастырылған.
«2021 жылы бюджеттік субсидиялар көлемі 10,3 млрд теңгені құрады. Сондай-ақ АӨК субъектісінің 25%-ға дейінгі инвестициямен жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеу үшін субсидиялау қарастырылған. Бұған жұмыс істеп тұрған зауыттарды жаңалау және жаңа зауыттар салу кіреді», - деді «Атамекен» ӨКП филиалының директоры Темірлан Мәдиев.
Дүниежүзінде сүт өндірісі төмендейді деп күтілуде. Сондықтан жақын арада баға төмендемейді. Ал отандық өндірісті арттыруға бір жылдан астам уақыт қажет.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024