Алматы. 11 қыркүйек. 7kun.kz – Қазақстанда Солтүстік инвестициялық банк пайда болуы мүмкін. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов елімізге жаңа ойыншыны шақыруды ұсынды.
Министр мәжілісмендердің қарауына қаржы құрылымы қызметінің басталғаны туралы құжатты тапсырды.
«Сіздердің назарларыңызға Қазақстан мен Солтүстік инвестициялық банк арасындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыруға арналған негіздемелік келісімді ратификациялау туралы заң жобасы ұсынылуда», - деді Даленов.
Оның айтуынша, қаржы институты 1975 жылы құрылған, мүшелері - Скандинавия және Балтық елдері. Штаб-пәтері Хельсинкиде орналасқан.
"Солтүстік инвестициялық банктің жарғылық капиталы 6,1 млрд еуроны құрайды. Олардың арасында Дания, Эстония, Финляндия, Исландия, Латвия, Литва, Норвегия, Швеция бар. Бұл Банктің жалпы несие портфелі 2018 жылы 19,1 млрд еуроны құрады. Қарыз 25 жылға дейін беріледі", - деп нақтылады министр.
Дәленовтің айтуынша, банк стратегиясына сәйкес, несие қоржынының шамамен 20%-ы оның тұрақты мүшесі болып табылмайтын елдерге беріледі. Бұл ретте Солтүстік инвестициялық банктің қаржыландыруының негізгі бағыттары - энергетика, "жасыл экономика", телекоммуникация, көлік, өнеркәсіптің түрлі салалары, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және шағын және орта бизнес сияқты секторлар.
"Ұсынылып отырған келісіммен Қазақстанның заңнамалық актілерінде көзделмеген, атап айтқанда валюта айырбасталуы мен ақша қаражатын аудару, тендерлер өткізу, сондай-ақ Солтүстік инвестициялық банктің активтері мен кірістерін салық салудан босату бойынша нормалар белгіленеді. Бұл шарттар Халықаралық ұйымдар үшін стандартты болып табылады. Келісім мүшелік жарналар мен бюджеттен басқа да міндетті төлемдерді енгізуді талап етпейді", - деп түйіндеді министр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024