Алматы. 4 қыркүйек. 7kun.kz – Қапшағайда 27,7 млрд теңгеге күн электр станциясы іске қосылды, - деп хабарлайды Энергетика министрлігі.
Ақпаратқа сәйкес, жобаның бастамашысы Eneverse KunKuat қазақ-қытай бірлескен кәсіпорны болды.
«Станцияның жалпы жобалық құны 27,7 млрд теңгені құрады, оның ішінде инвесторлардың өз қаражаты - 10,4 млрд. Теңге, қалғаны қарызға алынған. Жоба Алматы облысындағы Қапшағайдан солтүстікке қарай 13 км жерде жүзеге асырылды. 35 жұмыс орны ашылды», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылы күн электр станциясы құрылысының басталуы туралы хабарланған болатын. Кейін қала әкімдігі оны іске асыру үшін сингапурлық Eneverse KunKuat PTE.Ltd компаниясы 27 миллиард теңге бөлгенін хабарлады. Олар 32 адамды жұмыспен қамтуды жоспарлаған болатын.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024