Алматы. 18 қаңтар. 7kun.kz – Respublica партиясы мемлекеттік тіркеуден өтті. Бұл туралы партия төрағасы Айдарбек Ходжаназаров хабарлады.
Достар, сүйінші! Біздің ресми өкіліміз Астана қаласының ХҚКО -ң бірінде Respublica партиясының тіркеу құжаттарын қолына алды. Енді біз - еліміздің жаңа, ресми тіркелген саяси күшіміз! Бұл ұзақ апталар мен айлап күткен және бірнеше рет тіркеуге жіберілмеген сәтсіздіктерден кейінгі - ортақ жеңісіміз! Алайда, бұл сынақтар бізді тек ғана күшейтті», – деп жазды Партия басшысы Facebook парақшасында.
Сондай-ақ Айдарбек Қожаназаров партияның тең төрағаларын Сырымбек Тау, Руслан Берденов, Максим Барышев, Динара Шукижанова, Қуаныш Шонбай, Бейбіт Әлібеков және Нұрлан Қоянбаевты таныстырды.
Бүгінде Қазақстанда 7 саяси партия тіркелген:
- «Amanat партиясы;
- «Ақ жол» демократиялық партиясы;
- Қазақстан халық партиясы;
- «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы;
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы;
- «Байтақ» қазақстандық жасыл партиясы;
- Respublica партиясы.
- Партия, жаңа партия, Қазақстан, Respublica партиясы.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024