Алматы. 23 қыркүйек. 7kun.kz – Қазақстанда қарақұмық жармасын өндіретін зауыттың құрылысы тоқтатылды.
Қостанай облысы әкімдігінің хабарлауынша, нысан Қарабалық ауданының Тоғызақ ауылында салынуы тиіс.
«Қазіргі уақытта нысанның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты жобаны іске асыру тоқтатылды», - деп түсіндірді мемлекеттік мекеме.
Әкімдік талаптарға өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын, содан кейін инвесторлар жобаны жүзеге асыруды жалғастыратынын айтты. Алайда жаңа өндірісті қашан іске қосу жоспарланғаны белгісіз.
Естеріңізге сала кетейік, зауыттың қуаттылығы жылына 12,4 мың тонна қарақұмық жармасын құрайды. Пайдалануға беру 2019 жылдың II тоқсанына жоспарланған.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024