Алматы. 26 қараша. 7kun.kz — Цифрлық вице-министрлер жұмысының экономикалық тиімділігі 2018 жылы 218 млрд теңгені, ал 2019 жылдың 9 айында 305 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев мәлімдеді.
2018 жылы 5 министрлікте озық технологияларды тиімді енгізу үшін «цифрлық» вице-министрлер тағайындалды (денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік және еңбек, цифрлық даму және және салық-кеден қызметі салаларында) тағайындалды, сондай-ақ орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда Цифрландыру кеңселері құрылды.
"Индустрия және инфрақұрылымдық даму, энергетика және ішкі істер министрліктеріне тағы 3 "цифрлық" вице-министр тағайындау жоспарланып отыр", - деді ол.
Асқар Жұмағалиевтің айтуынша, 2019 жылдың соңына дейін электрондық қызметтер санын 80%-ға дейін арттыру жұмыстары аяқталады (723 мемлекеттік қызметтің 580-і). 2020 жылы мемлекеттік қызметтердің 90%-ын автоматтандыру бойынша жұмыстар аяқталады.
"Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтің 70,5% автоматтандырылған. Жыл соңына дейін мемлекеттік органдар тағы 70 мемлекеттік қызмет бойынша жұмыстарды аяқтауы қажет. Мұндай қызметтердің ең көп саны Білім және ғылым министрлігі мен Қорғаныс министрлігіне (тиісінше 26 және 8 қызмет) шоғырланғанына назар аудару маңызды деп санаймын. Осыған байланысты әріптестеріме жұмысты жеделдетуді сұраймын", - деп атап өтті министр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024