Алматы. 2 мамыр. 7kun.kz — Мамыр айына қарай қантты печенье бағасы бір айда 1,1%-ға, бір жылда 5,7%-ға, бір кг үшін 582,4 теңгеге дейін өсті, деп хабарлайды Energyprom.kz.
Бұл ретте еліміздің ірі қалалары мен мегаполистері арасында қант печеньесі Ақтау (кг үшін 755 тг), Алматы (кг үшін 718 тг) және Нұр-Сұлтан (кг үшін 713 тг) тұрғындарына қымбатқа түседі.
Пряниктер бағасы бір айда 1,2%-ға және бір жылда 7,2%-ға, бір кг үшін 568,2 теңгеге дейін қымбаттады. Ең қымбат пряниктер елордада(кг үшін 827 тг), Ақтау (кг үшін 815 тг) және Алматыда (кг үшін 739 тг).
Сондай-ақ, жеміс-жидек карамель бағасы бір айда 0,5%-ға және бір жылда 6,6%-ға, бір кг-ға 691,3 теңгеге дейін өсті. Ең қымбат карамель Ақтау (кг үшін 904 тг), Қызылорда (кг үшін 778 тг) және Нұр-Сұлтан (кг үшін 768 тг) тұрғындарына сатылады.
Ал кәмпиттің килограммы үшін қазақстандықтар 1046,3 теңгеден төлейді. Елдегі ең қымбат кәмпит бағасы Ақтау (кг үшін 1303 тг), Атырау (кг үшін 1135 тг) және Көкшетауда (кг үшін 1130 тг) тіркелді.
I тоқсанда қазақстандық кондитерлер 21,5 мың тонна шоколадтан жасалған кондитер өнімдерін өндірді. Бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңінен 9,8%-ға кем. Ұзақ сақталатын ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндірісі де қысқарды: жылына 2,3%-ға, 25,4 мың тоннаға дейін.
Айта кетейік, қазақстандықтарды тәттілермен жетекші оңтүстіккореялық LOTTE Confectionery кондитерлік компаниясына тиесілі (өндірістік қуаттар Алматы мен Шымкент қалаларында орналасқан) «Рахат» АҚ, «Баян-Сұлу» АҚ (Қостанай облысы), Түркияның lker Group құрамына кіретін «Хамле Компани ЛТД» (Алматы облысы) және т.б. ірі өндірушілер қамтамасыз етеді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024