Алматы. 3 шілде. 7kun.kz — Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ведомства өткен дөңгелек үстелде қазіргі таңдағы деректерге сәйкес, басқа елдерде тіркелген көлік жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін көп бұзады деп мәлімдеді. Мұндай тәртіп бұзушыларға қарсы полиция әлсіз.
"Армения, Қырғызстан және Ресей аумағында тіркелген, жол жүру ережелерін бұзған көліктерге қатысты шағымдар көп және оларға ешқандай шара қолдану мүмкін емес, өйткені бұл көлік Қазақстан аумағында тіркелмеген", - деді министр.
Оның айтуынша, бұл көліктердің иелері кәсіпкерлік қызметпен айналысады - жолаушыларды тасымалдайды.
"Біз Қазақстан аумағында мұндай автомобильдерді әкелгеннен кейін 10 күннен кейін пайдалануға шектеу енгізуді талап етеміз. Егер ол транзиттік болса, онда ол 10 күн ішінде өте алады", - деп түсіндірді ІІМ басшысы.
Сондай-ақ, мұндай көлік құралдарын жолаушылар мен жүктерді тасымалдау үшін пайдалануға тыйым салуды енгізу ұсынылады.
Айта кетейік, жыл сайын полиция қызметкерлері 3,5 миллионнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзушылықты анықтайды. Соңғы 6 жыл ішінде (2013-2018 жылдар) жол-көлік оқиғасының төмендегеніне және одан зардап шеккен азаматтардың азайғанына қарамастан, жолдардағы жағдай әлі де қолайсыз болып отыр.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024