Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда толық емес отбасыларға 2%-бен ипотека беру ұсынылды

Қазақстанда толық емес отбасыларға 2%-бен ипотека беру ұсынылды

Астана. 25 қараша. 7kun.kz – Сенатор Серік Шайдаров баспанаға мұқтаж толық емес отбасыларға жылдық 2%-дық ипотека беру қажет екен айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Депутат жақында толық емес отбасылар жылдық 2%-тік кредитпен үй алу мүмкіндігі «Бақытты отбасы» бағдарламасынан шығарылғанын атап өтті.

«Мұндай шешім бірнеше себепке байланысты қабылданды. Соның бірі еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, ажырасқандар санының екі есе өсуі. Мәселен, 2019 жылы - 27,4 мың, ал 2020 жылы 59,8 мың ажырасу тіркелген. Мүмкін, бұл жерде шындық бар шығар. Алайда бүгінде 148 мыңнан астам толық емес отбасы баспанаға мұқтаж екенін түсіну керек», – деді сенатор.

Депутаттың айтуынша, оның 60%-ы табысы бір күнкөріс деңгейінен төмен отбасылар. Мұндай отбасылардың көпшілігі үшін жылдық 5%-пен тұрғын үй алу қиын. Сондықтан депутат баспанаға мұқтаж халықтың әлеуметтік осал топтарын айқындау жөніндегі тәсілдерді қайта қарау қажет екенін атап өтті.

«Уәкілетті мемлекеттік органдар осы мәселені жан-жақты зерделеп, үйге шынымен де мұқтаж толық емес отбасылар үшін жылдық 2%-пен кредиттік тұрғын үй алу тетігін, соның ішінде халықтың осы санатын тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі қолданыстағы бағдарламаларға өзгерістер енгізуді айқындауы қажет», – деді депутат.

Похожие материалы