Астана. 4 қазан. 7kun.kz – Отандық автоөндірушілер Қазақстанда Toyota корпорациясы зауытын ашу туралы келіссөз жүргізуде. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Бизнес-корпорация бұл мәселелерді мемлекеттік органмен талқыламайтын шығар, өйткені бұл таза техникалық мәселелер: кім қанша ақша салады, қандай құзыреттіліктер болады, сату нарығына қаншалықты дайын. Келіссөз жүріп жатыр, жұмыс істей ме, жоқ па - мен білмеймін. Бірақ Toyota ашылса, бұл еліміздің ең мықты жетістіктерінің бірі болады деп ойлаймын», – деді министр.
Айта кетейік, бұған дейін Toyota Санкт-Петербургтегі зауытын жабатыны хабарланған. Жергілікті БАҚ мәліметінше, мұндай шешім Ресейде қалыптасқан жағдайға байланысты қабылданған.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024