Нұр-Сұлтан. 8 қыркүйек. 7kun.kz – Тамызда тұрғын үй бағасы айтарлықтай қымбаттады. Бұл туралы ҚР Ұлттық статистика бюросында хабарлады.
«Жылдық мәнде (2022 жылдың тамызынан 2021 жылдың тамызына дейін) қайталама нарықтағы пәтерлердің бағасы 25,8%-ға, жаңа тұрғын үйдің бағасы 18,1%-ға өсті. 2022 жылдың тамызында жалға алу ақысы өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 31,8%-ға қымбаттады», – делінген бюро хабарламасында.
Ведомствода тамыздағы жағдай бойынша шаршы метрдің бағасына деректер келтірді:
- жаңа тұрғын үй – 425 615 теңге;
- қайталама нарықтағы тұрғын үй – 469 777 теңге;
- тұрғын үйді жалға алу – 4029 теңге.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024