Алматы. 13 тамыз. 7kun.kz – Қаңтар-шілдедегі тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 142 084-ті құрады, деп хабарлайды статистика комитеті.
2018 жылдың қаңтар-шілдесінде тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 142 084-ті құрады. Ал, шілдедегі бұл көрсеткіш 22 980-ге тең болды. Аталған көрсеткіш өткен аймен салыстырғанда 3,6%-ға аз.
Жалпы қаңтар-шілдеде тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 8,2%-ға артқан.