Алматы. 19 мамыр. 7kun.kz – Елімізде барлығы 16 мыңға жуық шетелдік жұмыс істейді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
2022 жылғы 1 мамырға жергілікті атқарушы органдардың рұқсаттары бойынша Қазақстанда 15 932 шетел азаматы жұмыс істейді.
Шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттардың ішінде мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 630 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 3 154 рұқсат (екінші санат). Тартылған жұмыс күшінің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттары – тиісінше 7 643 және 837 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 343 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 2 325 адам тартылды.
Қазіргі Қазақстанда шетелдік мамандардың жұмыс күшін пайдаланатын 733 жұмыс беруші бар. Оларда 391 мыңнан астам қазақстандық жұмыс істейді, бұл жалпы қызметкерлер санының 96%-ын құрайды.
Еңбек мигранттарының көбіне Қытайдан – 3613 адам, Түркиядан – 1838 адам, Үндістаннан – 1293 адам, Өзбекстаннан – 1385 адам, Ұлыбританиядан – 1083 адам келеді.
Айта кетейік, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетелдік мамандарды тартуға квота бөледі. Қаңтарда Еңбек министрлігі шетелдік жұмыс күшін тарту квотасын жоспарланған 28 352 бірліктен 23 560 бірлікке, яғни 4 792 бірлікке (16%) қысқартты.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024