Алматы. 27 қаңтар. 7kun.kz — Қазақстанда "Волонтерлік туралы" заң осы жылдың соңына дейін қабылданады, деп хабарлады ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.
"Жеті бағытты қамтитын іс-шаралар жоспары бекітілді. Бұл балалар үйлерінен шыққан балаларға қамқорлық көрсету, науқастарды күтуге көмек көрсету, қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазалау, қарттар үйлеріндегі еріктілердің жұмысы, ауылдық мектептердің жоғары сынып оқушыларына волонтерлік көмек көрсету, сондай-ақ Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған жұмыстар", - деді Дәурен Абаев ведомство алқасының кеңейтілген отырысында.
Сонымен қатар, EXPO базасындағы Art Hub креативті капитал орталығы алаңында республикалық волонтерлік фронт-офисін іске қосу жоспарлан.
"Жетекшілік ететін вице-министр азаматтық қоғам саласындағы міндеттердің орындалуын қадағалауы қажет", - деді Дәурен Абаев.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024