Қазақстанда ВТБ банкінің клиенттеріне карталар бойынша интернет-транзакциялар қолжетімсіз, деп хабарлайды 7kun.kz.
Қазіргі сәтте банк банкоматтарынан немесе кассалардан қолма-қол қаражат шешуге болады. Сондай-ақ карталармен есеп айырысулар ВТБ терминалдары арқылы ғана қолжетімді.
"Карталар жұмыс істейді. Бірақ қазір тек ВТБ банкоматы немесе касса арқылы қаражат шешуге болады. Интернет-транзакциялар уақытша жұмыс істемейді", – деді банк қызметкерлері.
Сондай-ақ олар картамен төлем жасау тек ВТБ терминалдары арқылы жүзеге асырылатынын түсіндірді.
«Екі-үш күн бойы картаны пайдалану мүмкін болмай тұр. Тек банктің банкоматынан немесе кассасынан ақша алуға болады», – деді банк қызметкерлері.
Сәрсенбіде бірқатар қазақстандық БАҚ ресейлік ВТБ банкінің республикадағы бөлімшесі Visa жүйесінен ажыратылғанын хабарлаған болатын.
ВТБ өткен аптада бірқатар өзге ресейлік банктермен бірге АҚШ-тың санкцияларына ұшырады. Қазіргі уақытта бұл Ресейдің қаржы секторына 2014 жылдан бері салынған ең күшті санкциялық соққы.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024