Алматы. 16 мамыр. 7kun.kz - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев XII Астана экономикалық форумы аясында Өзбекстанның Жұмыспен қамту және еңбек қатынастары министрі Шерзод Кудбиевпен бірлескен іс-қимыл жоспарына («жол картасы») қол қойды.
Құжат 2019 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге еңбекші-мигранттардың құқықтарын қорғайды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы еңбекші-мигранттардың еңбек қызметі мен құқықтарын қорғау туралы келісімге ведомство басшылары 2019 жылғы 15 сәуірде Ташкентте ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары кезінде қол қойды.
«Үкіметаралық келісім шеңберінде еңбекші-мигранттар қабылдаушы мемлекеттің заңнамасына және еңбек шартының талаптарына сәйкес басқа адамдар үшін қауіпті ауруларға арналған тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алу құқығына ие», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, еңбек мигранттары үшін ақы төлеу және басқа да еңбек жағдайлары жұмыс берушімен қабылдаушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес еңбек шартымен реттеледі.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024