Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы өсуі мүмкін

Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы өсуі мүмкін

Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақынының ұлғаю мүмкіндігіне байланысты жауап берді, деп хабарлайды 7kun.kz.

"Біз әлеуметтік-экономикалық дамудың болжамын жасаймыз, оны нақтылаймыз. Түзету кезінде бюджетке қандай инфляцияны енгізетінімізге байланысты зейнетақы да, жәрдемақы да өзгереді. Бірақ мұны біз ғана емес, Ұлттық банкпен бірлесіп жасаймыз", – деді ол.

Министр Ұлттық банк инфляциялық таргеттеу саясатын жүргізетіндіктен, инфляцияға негізінен ҰБ жауапты екенін түсіндірді.

"Сәйкесінше, егер біз инфляциялық дәлізді қазіргіден жоғары қоятын болсақ, онда зейнетақы мен жәрдемақыларды тиісті индекстеу болады. Бұл әбден мүмкін", – деді Қуантыров.

Похожие материалы