Алматы. 30 шілде. 7kun.kz — Қарағанды облысының құрылыс салушылар қауымдастығы Үкіметке және Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарын ипотекалық несиелендіру кезінде бастапқы жарна ретінде пайдалануға рұқсат беруді ұсынды.
Қауымдастық өкілі Төлеген Әшімов Құрылыс және құрылыс индустриясы комитетінің отырысында айтып өткендей, осылайша өңірде тұрғын үй сатып алуға байланысты мәселені шешуге болады. Қарағандыда жасы 60-тан асатын ескі үйлердің саны көп. Бюджеттік тұрғын үй жобасы аясында кездесуге қатысушылар құрылыс саласында қосымша жұмыс орындарын құруға ниетті.
Қауымдастық төрағасы Найли Қайырбековтың айтуынша, бұл жоба 2015 жылы әзірленді. Сол кезде жергілікті билік кәсіпкерлерге құрылыс үшін жер бөлді, онда инженерлік желілер салынды.
Кәсіпкер Николай Абт қазақстандықтарды бюджеттік тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасын жүзеге асыру арқылы Қарағанды қаласының әкімдігі өз аумағын қайтарып алғанын атап өтті.
"Бірінші кезек бізге бұйырмағандықтан, жергілікті атқарушы органдар Қарағандының оңтүстік-батысында орналасқан басқа жер учаскесін беруге уәде берді. Бірақ бұл жерде желілерді құратын мемлекеттің көмегі қажет. Біз салатын тұрғын үй арзан әрі қолжетімді. Біздің аймақта кластер бар, оған 30 ірі құрылыс компаниялары мен құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындар кіреді, сондықтан жоба толығымен жергілікті қамтуға бағытталған. Мысалы, іргетас блоктарын, лак-бояу және құрылыс материалдарын шығаратын зауыттар бізге өз өнімдерін бірінші кезеңде тегін бере алады. Олар пәтер сатылғаннан кейін ақша алуға дайын. Мұндай ынтымақтастық кәсіпорындарға үнемі өнім шығаруға мүмкіндік береді. Бұл қосымша жұмыс орындары пайда болады деген сөз", - деп есептейді Николай Абт.
Еске сала кетейік, Нұр-Сұлтан тұрғыны Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевтың халықпен кездесуі кезінде неге қазақстандықтар оқу ақысын, ипотекасын немесе емделуін төлеу үшін зейнетақы жинақтарын ала алмайтынын сұрады.
«Зейнетақы жинақтары — барлық зейнеткерлерге берілетін әлеуметтік қолдау. Өткен жылдардағы тәжірибе көрсеткендей, соманы бірден жинап алған кезде, олар кейде қажет жеріне жетпейді. Содан кейін зейнеткер ең төменгі зейнетақымен қалады, мәселе көтеріледі — өмір сүру үшін қосымша ақша беріңдер. Сондықтан ай сайын беру туралы шешім қабылданды», — деп жауап берді министр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024