
Астана. 7 қараша. 7kun.kz – Қазақстанда IIІ тоқсандағы жалақының медианалық мәні бір тоқсанда 4%-ға қысқарды, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Қазақстанда атаулы жалақының орташа мәні 2022 жылғы IІI тоқсанда 299 782 теңгені құрады. 2021 жылдың тиісті тоқсанына қарағанда өсім 23,0%-ды, нақты мәнде – 5,8%-ды құрады. Жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) 2022 жылғы ІIІ тоқсанда бағалау бойынша 189 018 теңгені құрады», – делінген Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.
Еске салайық, ІІ тоқсандағы елдегі жалақының медианалық мәні 196 728 теңгені құрады. Бұл ІІІ тоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда 4%-ға төмен.
