Алматы. 4 қаңтар. 7kun.kz – «Онлайн Қазқаржы МҚҰ» (Solva) АҚ банкке айналдырылады. Бұл туралы Қазақстан қор биржасыныда (KASE) хабарланды.
«Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған «Онлайн Қазқаржы МҚҰ» АҚ (Алматы) өзінің жалғыз акционерінің 2022 жылдың 15 желтоқсанындағы «қоғамды микроқаржы ұйымынан банкке айырбастау нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізу» шешімі туралы хабарлады», – делінген хабарламада.
2022 жылдың шілдесінде Мемлекет басшысы қол қойған заңға сәйкес, МҚҰ лицензия алғанға дейін жұмысын тоқтатпай, екінші деңгейлі банктерге айнала алады.
«Онлайн Қазқаржы МҚҰ-ны» банкке айналдыру туралы сөз 2021 жылдың қазанында басталды. Компанияның негізін қалаушы Борис Батин өткен жылдың соңында микроқаржы компаниясын банкке айналдыру процесі бірнеше кезеңнен тұратынын айтты. Соның бірі ЖШС-ны АҚ ретінде қайта тіркеу. 12 желтоқсанда компанияның сайтында «2022 жылдың 9 желтоқсанынан бастап «МФО OnlineKazFinance» ЖШС «OnlineKazFinance» МҚҰ акционерлік қоғамына («АҚ») айналдырылды» деген хабарлама пайда болды.
Solva – бес жылға дейін онлайн микрокредиттер беретін Қазақстандағы алғашқы цифрлық микроқаржы компаниясы. Басшылықтың айтуынша, соңғы төрт жылда Solva Қазақстандағы ең жылдам дамып келе жатқан несиелік бизнеске айналды. Жергілікті нарықта 2016 жылдан бастап жұмыс істейді және ШОБ, сондай-ақ жеке тұлғаларға кредиттер береді. Қазақстанда Solva тұтынушыларға қызмет көрсетудің 120 филиалы бар: 59% ауылдық жерлерде және 49% қалаларда.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024