Алматы. 16 шілде. 7kun.kz — Бүгіннен бастап Қазақстанда жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық басталды, деп хабарлады Мемлекеттік кіріс комитеті.
Бұл құралды елдің барлық азаматтары пайдалана алады.
2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға сәйкес, салық бойынша жалпы сомасы 20,9 млрд теңгеге 1,4 млн жеке тұлғада қарыздар бар.
"Берешектің ең көп сомасы немесе 70%-ы (14,4 млрд теңге) көлік салығына тиесілі. Жер салығы бойынша борышқа 12% (немесе 2,5 млрд теңге), мүлік салығына – 6,7% (немесе 1,4 млрд теңге) тиесілі. Борышкерлердің басым бөлігі - жеке тұлғалар Шымкентте (148 мың), Түркістан облысында (139 мың), Жамбыл облысында (116 мың) және Нұр-Сұлтанда (114 мың) тіркелді", - деп мәлімдеді МКК.
Өңірлер бөлінісінде салық берешегінің ең көп сомасы Алматыда (5,5 млрд теңге), Нұр-Сұлтан мен Маңғыстау облысында (2 млрд теңгеден) және Шымкентте (1,6 млрд теңге) анықталды.
Сондай-ақ, жеке кәсіпкер емес 16 мың жеке тұлғаның кәсіпкерлік салық бойынша қарызы бар екені хабарланады. МКК түсіндіргендей, олар 2002-2003 жылдары жергілікті салық органдарынан жалпы республикалық ақпараттық жүйеге көшкен кезде қалыптасты.
2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мұндай қарыз 700 млн теңгені құрайды, оның ішінде негізгі қарыз 400 млн теңгеге, ал өсім 300 млн теңгеге тең.
"Жеке тұлғаның салықтар бойынша негізгі қарызды төлеуі - өсімпұлды есептен шығарудың жалғыз шарты. Салық төлеушілерге бұл үшін ешқайда барудың қажеті жоқ, мемлекеттік кіріс органдары күн сайын жеке тұлғалардың дербес шоттарының жай-күйіне мониторинг жүргізеді және олар негізгі қарызды үш жұмыс күні ішінде төлеген кезде өсімпұлды есептен шығару туралы тиісті шешім шығарады. Егер салық төлеуші ағымдағы жыл ішінде өткен жыл үшін негізгі борыш пен салықтар бойынша өсімақыны төлеуді жүргізген жағдайда, өсім сомасы қайтаруға жатады. Ол үшін мемлекеттік кіріс органдарына өтініш беру қажет", - деп мәлімдеді МКК.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024