Алматы. 10 маусым. 7kun.kz – Жемқорлардың ел экономикасына тигізер зияны өспесе, кемімей тұр. Соңғы бір айда олар келтірген шығын 2,5 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды 7kun.kz.
Құқықтық статистика мәліметінше, сәуір айында жемқорлық қылмыстардың зияны 2,3 млрд теңге болса, мамыр айында ол дерек 8,7%-ға өскен.
Мамыр айында анықталған қаржылық шығынның ең көбі аса ауыр жемқорлық қылмыстарға тиесілі. Ол 2,4 млрд теңгені құраған. Ал аса ауыр емес қылмыстардың шығын үлесі 103,8 млн теңге.
Жемқорлық дерегінің едәуір бөлігін – қызмет бабын асыра пайдалану бойынша жасалған қылмыстар. Оның шығыны – 1,8 млрд теңге.
Ал жемқорлық қылмысын жасап, сотқа дейінгі тергеу басталған мемлекеттік орган қызметкерлері арасында ішкі істер қызметкерлері көш басында. 102 тұлға тергеуге ілінген. Әкімдік пен соған қарайтын ұйымдардың 76 жұмысшысы, қаржы министрлі мамандары мен өзге қызметтегі жұмысшылардың 24-іне іс қозғалған.
Қазақстанда жемқорлардың жалпыға қолжетімді деректер базасы әзірленуде.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024