Алматы. 16 тамыз. 7kun.kz – Елімізде жеңіл өнеркәсіп өндірісі 1,5%-ға өсті. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Алмас Батанов айтты.
«Әмбебап полипропиленді өнімдер өндірісінің көлемі 50% -ға артты, Ресейге және Қырғызстанға шығару басталды. Қазіргі уақытта AGF-Group фабрикасы IKEA халықаралық бренді үшін тоқыма өнімдерін шығарады, өндіріс көлемі екі жарым есеге өсті. Кілем экспорты 43% -ға өсті. «Бал Текстиль» фабрикасының өнімдері Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Германия сияқты елдерге экспортталады. Бұдан басқа, балаларға арналған заттардың сапасы мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында орта білім беру ұйымдары үшін мектеп формасы ұлттық стандарттары әзірленіп, бекітілді», - деді Алмас Батанов.
Комитет басшысының дерегінше, ағымдағы жылдың шілдесінде «Оңтүстік» АЭА аймағында «TumarTextile» ЖШС тоқыма өнімдерін өндіру жобасы іске қосылды. Және «LuxShoes» ЖШС аяқ киім өндіру жобасын іске қосуды жоспарлап отыр.
2018 жылдың соңына қарай жеңіл өнеркәсіптің 3 жобасы (штапельді талшықтар, шөптен жіп алу және шұлық бұйымдарын өндіру) жоспарда бар.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024