Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда жиналатын импорттық кеден баж салығы доллармен есептелінетін болады

Қазақстанда жиналатын импорттық кеден баж салығы доллармен есептелінетін болады

Қазақстанда жиналатын импорттық кеден баж салығы бұрынғыдай АҚШ долларымен бөлінеді және есепке алынады, деп хабарлайды 7kun.kz.

Қазақстан үкіметі Еуразиялық экономикалық одақ аясында кедендік төлемдерді жүзеге асыру кезінде ресей рублімен есеп айырысуға көшу туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

«Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта мүше мемлекеттердің бір-бірінің бюджетіне импорттық кедендік баждарды жинау және өзара аудару бойынша міндеттемелері көзделген. Бұл тетік әрбір мемлекетте біркелкі және мынадай негізгі кезеңдерді қамтиды: үшінші елдерден келіп түсетін тауарлардан ұлттық валюталарда импорттық баждардың сомаларын жинау; импорттық баждардың келіп түскен сомаларын белгіленген коэффициенттерге сәйкес бөлу, оны АҚШ долларына айырбастау және оларды кейіннен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге жіберу», – делінген хабарламада.

Ресей Федерациясына салынған санкцияларға байланысты мүше мемлекеттердің кедендік әкелу баждарын Ресей Федерациясы мен Беларуське доллармен аударуы мүмкін емес.

Келіссөздер қорытындысы бойынша қазақстандық нұсқа қолдау тапты: Ресей Федерациясына және Беларусь Республикасына кедендік әкелу баждарын есепке алу және бөлу үшін Ұлттық жөнелтуші банктердің бағамы бойынша Ресей рублі пайдаланылады.

Сондай-ақ, Қазақстанға Армения мен Қырғызстаннан жиналатын импорттық кедендік баждар бұрынғыдай АҚШ долларымен бөлінеді және есепке алынады.

Бұған дейін Ресейдің экономикалық даму министрі Максим Решетников ЕЭО елдері бірыңғай ұлттық валютада есеп айырысуға кезең-кезеңімен көшу туралы келісімге келгенін мәлімдеген болатын.

Өз кезегінде Қазақстанның Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов бірыңғай рубль аймағы туралы сөз жоқ екенін түсіндірді.

«Күн тәртібінде мұндай мәселе жоқ. Мәселе біздің елдер арасындағы бажды бөлу тетіктерін қалай табуға болатыны туралы айтылды», - деді ол.

Похожие материалы