2015 жылы Қазақстанда 32 мыңнан астам шетелдік маман еңбек еткен, олардың басым көпшілігі – Қытай азаматтары. Қытай жұмысшыларының үлесі шетелдік мамандардың 41%-ын құрайды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.
«Шетелдік мамандардың басым бөлігі, яғни, 41 пайызы – Қытай азаматтары, 15 пайызы – Түркия азаматтары, 4-5 пайызы – Украина, Өзбекстан, Үндістан азаматтары», - деді Б.Нұрымбетов. Вице-министрдің айтуынша, мемлекет рұқсат құжаттарын шетелдік мамандарды жалдайтын жұмыс берушіге береді. Осылайша, оған ерекше міндеттер жүктеледі. Мәселен, шетелдіктерге мұқтаж жұмыс беруші қазақстандықтар үшін жаңа жұмыс орындарын ашуы тиіс. «Өткен жылы шетелдік мамандарды тартқан жұмыс берушілер қазақстандықтарға 25 мың қосымша жұмыс орнын ашты. Ал 2400 адам кәсіптік мамандықты игерсе, 3 мың адам қайта оқытылды. Мұнымен қатар, 12600 адам жұмыс берушінің есебінен біліктілігін арттырды», - деді ол. Фото: kapital.kzПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024