Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда жыл басынан бері 74 мыңнан астам ресейлік ЖСН рәсімдеген

Қазақстанда жыл басынан бері 74 мыңнан астам ресейлік ЖСН рәсімдеген

Нұр-Сұлтан. 12 тамыз. 7kun.kz – Жыл басынан бері Қазақстанда 198 806 шетелдік ЖСН рәсімдеген. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Олардың көбі келесі елдердің азаматтары: Өзбекстан – 91 454, Ресей Федерациясы – 74 371, Тәжікстан – 7896, Қырғыз Республикасы – 4470 және Украина – 1520.

«Қазақстанда шетелдік азаматтарға белгілі бір операциялары жүзеге асыру үшін ЖСН рәсімдеу керек. Атап айтқанда, жұмысқа орналасу, Қазақстанда ағымдағы шотты тіркеу, мүлікті тіркеу, мемлекеттік қызметтерді алу және т.б. қызметтер үшін ЖСН міндетті», - деді Ішкі істер министрлігінде.

Ведомствоның мәліметінше, 2022 жылдың қаңтарынан бастап елге 2 134 598 шетелдік, оның ішінде туризм, білім беру мақсатында келген. Сондай-ақ елден 2 529 424 шетелдік шықты.

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін басқа мемлекеттердің 40 831 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды және 3519 шетелдік елден шығарылып, оларға бес жылға дейін елге кіруге тыйым салынды.

Похожие материалы