Алматыда «Жыл кәсіпкері – 2021» EY байқауының ұлттық кезеңінің финалы өтті. Қазылар алқасының шешімі бойынша «Жыл кәсіпкері – 2021» атағын Kusto Group директорлар кеңесінің төрағасы Еркін Тәтішев жеңіп алды. Ол 2022 жылдың маусым айында Монте-Карлода өтетін халықаралық байқаудың финалында Қазақстанның намысын қорғайтын болады.
Еркін Тәтішевтің Kusto Group компаниясының 20 жылдық тарихы бар, ол әлемнің 10 елінде сәтті дамып келеді. Мұнай-газ, құрылыс және девелоперлік салалардағы, агроиндустрия мен тау-кен өндірісіндегі тұрақты қызметтен басқа, Kusto Group жалпы сомасы 1.1 миллиард теңге болатын әлеуметтік жобалармен және қайырымдылық бағдарламаларымен танымал.
Байқаудың ұлттық кезеңінің қорытындысы бойынша 8 аталымы бойынша жеңімпаздар анықталды:
- «Креативті индустрия» — Болатбек Оспанов, «SMART SATU» негізін қалаушысы, дамыту жөніндегі директоры
- «Инновациялық стартап» — Досжан Жусупов, Cerebra.ai Ltd директоры
- «Әйелдер көшбасшылығы» — Инна Апенко, «Mimioriki» бас директоры
- «Медицина және денсаулық» — Еркин Длимбетов, «Ordamed» компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы
- «Халықаралық қатысу» — Еркін Тәтішев, Kusto Group директорлар кеңесінің төрағасы
- «Үздік цифрлық қызмет» — Байжан Канафин, «Documentolog» бас директоры
- «Өнеркәсіп көшбасшысы» — Оксана Ушкевич, «Астрон Групп» ЖШС директоры
- «Кәсіпкерлікті дамытуға үлес қосу: Қазақстандағы озық тәжірибелер» — Ельдар Абдразаков, CEO Centras Capital
Қазылар алқасының құрамына іскер топтардың, халықаралық даму институттары мен банктердің танымал өкілдері кірді:
- Агрис Прейманис, ЕҚДБ
- Арман Абдрасилов, «Зерде» ақпараттық холдинг басқармасының төрағасы
- Арманжан Байтасов, «ТАН» медиахолдинг директорлар кеңесінің төрағасы
- Нұрлан Смағұлов, Astana Group президенті және Қазақстандағы «Жыл кәсіпкері-2008» EY байқауының ұлттық жеңімпазы
- Раимбек Баталов, «Raimbek-Group» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы
- Раушан Сарсембаева, «Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы» ҚБ президенті
- Үміт Шаяхметова, «Қазақстан Халық банкі» АҚ Басқарма төрағасы
«Жыл кәсіпкері» байқауы туралы ақпарат
Entrepreneur Of The Year («Жыл кәсіпкері») – бұл отыз бес жылдық әлемдік тарихы бар кәсіпкерлер үшін ең беделді халықаралық байқау. Байқау әлемнің 60 елінде өткізіледі және мінсіз беделге ие. Қазақстандағы байқаудың ұлттық кезеңі 2007 жылы бастау алады, содан бері оған экономиканың түрлі секторлары мен ел өңірлерінің 800-ден астам отандық кәсіпкерлері қатысты, алты жеңімпаз біздің елімізді Монакода таныстырды. Байқау туралы толығырақ ақпарат www.eoy.kz сайтында берілген.
Байқауға қатысушылар халықаралық ережелерге сәйкес тәуелсіз қазылар алқасының іріктеуінен өтеді. Финалистерді кәсіпкерлік рух, инновациялылық, компания қызметінің қаржылық нәтижелері, өсу серпіні, саладағы көшбасшылық, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік және т. б. критерийлер бойынша бағалайды. EY компаниясының өкілдері қазылар алқасының құрамына кірмейді және оның шешімдеріне ешқандай әсер етпейді
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024