Алматы. 15 қазан. 7kun.kz — Қазақстанда 2019 жылдың басынан бері 2,7 мыңға жуық жұмысшы қысқартылды. Жыл соңына дейні жұмысынан айрылғандар қатарына тағы 600-ден аса адам қосылуы мүмкін.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынған мәліметтерге сәйкес, 1 қаңтар мен 11 қазан аралығында мониторингпен қамтылған 260 кәсіпорында 2679 жұмыскер қысқартылды. Ал 2018 жылдың ұқсас кезеңінде 290 кәсіпорыннан 3483 адам кеткен.
Осы жылы қызметкерлердің ең көп саны Нұр-Сұлтанда - 1398 адамға, Алматыда - 334, Павлодар облысында - 297 және Шымкентте - 271 адамға қысқарды.
"2019 жылы экономика салалары бойынша жұмысшылардың барынша қысқаруы көтерме және бөлшек саудада (393 адам), ақпарат және байланыста (193 адам), құрылыста (138 адам) жүргізілді", - деп толықтырды ведомствода.
Сондай-ақ, еңбек министрлігі 2019 жылдың соңына дейін 600-ден астам адам жұмыстан босатылуы мұмкін екендігін атап өтті.
"Еңбек нарығында жүйелі мониторингті қамтамасыз ету үшін министрлік апта сайын 50 адамнан кем емес қызметкерлерді жұмыстан босату туралы болжамды карта жасайды. Картаға сәйкес, ағымдағы жылдың соңына дейін үш кәсіпорында 602 қызметкерді қысқарту жоспарланып отыр", - деді министрлікте.
Қысқартулардың негізгі себептері - кәсіпорындардың ауыр экономикалық жағдайы, дайын өнімді өткізу нарығының болмауы, жұмыс көлемінің қысқаруы, өндірісті автоматтандыру және т.б.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024