Нұр-Сұлтан. 16 тамыз. 7kun.kz – Қазақстанда жылдық инфляция 15%-ға дейін өсті. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов айтты деп хабарлайды 7kun.kz.
Оның айтуынша, инфляцияға азық-түлік қымбатшылығы ең көп үлес қосуда.
«Шілдеде жылдық инфляция 14,5%-тен 15%-ке дейін өсті. Бұл ретте инфляцияға азық-түлік бағасының өсуі ең көп үлес қосуда. Мысалы, азық-түлік инфляциясы 19,2%-тен 19,7%-ке дейін, азық-түлікке жатпайтын инфляция 13,2-ден 14,2%-ке дейін жеделдеді», – деді Баймағамбетов.
Шілдеде Қазақстанда айлық инфляцияның өсу қарқыны бұрынғысынша жоғары деңгейде болғанымен, бір ай бұрынғы 1,6%-дан 1,1%-ға дейін төмендеді. Баға өсімінің бәсеңдеуі жеміс-көкөніс өнімдері құнының маусымдық төмендеуінің әсерінен орын алды.
Ақылы қызметтердің инфляциясы 9,2% деңгейінде өзгеріссіз қалды.
Ел экономикасындағы инфляциялық қысым жоғары деңгейде сақталуда.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024