Алматы. 1 желтоқсан. 7kun.kz – Қазақстанда қарашада жылдық инфляция 19,6%-ды құрады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, азық-түлік тауарларының бағасы 24,1%, азық-түлікке жатпайтын тауарлардікі 18,6%, ақылы қызметтердікі 14,1% өсті.
Қараша айында айлық инфляция деңгейі қазанмен салыстырғанда 0,2 пайыздық тармаққа төмендеп, 1,4% құрады. Қазанға қарағанда өткен айда азық-түлік тауарлары 1,8%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 1,6%-ға, ал ақылы қызметтердің бағасы 0,8%-ға өсті.
Азық-түлік тауарларының ішінде қияр – 41,5%, қызанақ – 26,1%, жұмыртқа – 6,7%, пияз – 5,9%, күріш – 3,5%, қаймақ – 3,4%, жаңа піскен жеміс – 3%, тұздалған майшабақ – 2,7%, айран – 2,5%, сүт – 2,4%, кондитерлік өнімдер – 1,6%, ірімшік және сүзбе 1,5% қымбаттады. Сәбіз – 2,9%, құмшекер 1,9% арзандады.
2022 жылдың қазанмен салыстырғанда қарашада азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы 1,6% өсті. Дизель отыны – 13,9%, тас көмір – 2,6%, ағаш отыны 1,6% қымбаттады. Жуу және тазалау құралдары 4,1%, жеке пайдаланылатын тауарлар – 2,8%, киім және аяқкиім, ыдыс, тоқыма бұйымдарының бағасы 1,6% өсті.
Ақылы қызметтердің баға деңгейі өткен айда 0,8% өсті. Бағаның өсуі қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне 2,7%, монша қызметтеріне – 1,9%, шаштараз бен сұлулық салондары қызметтеріне – 1,8%, денсаулық сақтау, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтерге – 1,7%, қонақ үй қызметтеріне 1% құрады.