Қазақстанда алтынның болжамды ресурстары 9,5 мың тонна. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев 7-ші МАЙНЕКС Орталық Азия тау-кен өнеркәсібі форумы барысында мәлімдеді, деп жазды ҚР премьер-министрінің ресми сайты.
«Қазақстанның болжамды алтын ресурстары 9,5 мың тоннаға, оның ішінде алтын кен орындарында 7,7 мың тоннаға бағалануда», - деді Б.Нұрабаев.
Оған қоса, мыстың болжамды ресурстары 100 млн тоннаға, мырыш пен қорғасынның болжамды ресурстары сәйкесінше 135 млн тоннаға және 50 млн тоннаға бағаланып отыр.
Каспий маңы ойпатындағы көмірсутекті шикізат әлеуеті 63 млрд тонна шартты отынға бағалануда.
«Бұл болжанған ресурстан Қазақстанның жалпы жер қойнауындағы байлығы қазіргіден бірнеше есе артық екенін көрсетеді, және жер қойнауын одан әрі зерттеу қажет екенін растайды», - деп атап өтті Комитет басшысы.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024