2016 жылдың қаңтары мен наурызы аралығында 428 жеңіл автокөлік өндірілген, ал бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 5,5 мыңға тең еді деп хабарлайды статистика комитеті.
Наурыз айында 101 автомобиль шығарылса, ақпанда қазақстандық автоконцерндер жеңіл көлік шығармаған.Осы жылдың қаңтар-наурыз айында 10 және одан да көп жолаушыларды тасуға арналған автомобиль өндірісі 50,9%-ға дейін (27 бірлік), жүк көлігінің көлемі 24,2%-ға (247 бірлік) қысқарды.
Автотранспортты құралдардың өндірісі 82,5%-ға, компьютер мен оптикалық өнімдердің шығарылымы 46,9%-ға қысқарып, ал электрлік құрылғы көлемі 4,3%-ға көбейді.
Жалпы алғанда көлік жасау өндірісінің көрсеткіші қаржылай есеппен салыстырғанда 2016 жылдың бірінші жартысында 30,6%-ға азайды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024