Алматы. 24 мамыр. 7kun.kz –«Headhunter-Қазақстан» зерттеу қызметінің мамандары 660 мыңнан астам түйіндемені сараптап, еліміздегі ең жоғары жалақыны қай сала өкілдері алатынын анықтады. Бұл жайлы hh.kz сайты жазды.
Зерттеу қортындысына сәйкес, үш миллион теңге және одан жоғары жалақы сұрайтын мамандар топ-менеджмент, бухгалтерия (басқарушылық есеп, кәсіпорын қаржысы), сауда-саттық, шикізат өндіру, ақпараттық технологиялар және өнеркәсіп саласының өкілдері. Сонымен бірге, атқарушы, қаржы және бас директор қызметіне үміткерлер 10 мың доллардан 20 мың долларға дейінгі еңбекақыны талап етеді. «HeadHunter-Қазақстан» компаниясының бас директоры Нина Быченконың айтуынша, мұндай қызметкерлер 35-50 жас аралығындағы (63 пайызы – ерлер) басқару қызметінде көпжылдық тәжірибесі бар, шет тілдерінде еркін сөйлейтін, көбіне шетелдік компанияларда жұмыс істеген азаматтар. «Қымбат тұратын» мұндай қызметкерлер өздерінің негізгі артықшылықтары ретінде жобаны басқару, келіссөздер жүргізу, ұжымда жұмыс істеу қабілеті мен ұйымдастырушылық қасиетін көрсеткен. Ескеріңізге сала кетейік, максималды жалақыны Астана мен Атырау қаласындағы шикізат өндіру мен құрылыс саласында ұсынады. Орташа есеппен, құрылыс саласының өкілдері – 150 108 теңге, шикізат өндіру – 200 150 теңге алады. Бұдан бөлек, 2016 жылы ірі және орташа кәсіпорындарда жаңа қызметкерлерге сұраныс 36 пайызға қысқарса, бос орындар екі пайызға азайған. Сонымен қатар, Қазақстанның ешқандай өңірінде жалақы өсімі 2015 жылғы инфлицияның ресми көрсеткішіне жете алмаған. Сарапшылардың зерттеуі бойынша, 2015 жылдың төртінші тоқсанында еліміздегі орташа жалақы мөлшері – 136,1 мың теңге. Жыл бойындағы өсім – 4 пайыз, яғни 5,2 мың теңге болса, инфляция мөлшері 13,6 пайызды құраған.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024