Мұнай бағасының құлдырау жағдайына (қаңтардың үшінші онкүндігінде Brent сұрыпты мұнайдың бағасы бір баррель үшін 27,8 долларға дейін түсті) Қазақстандағы тауарлардың экспорты 2016 жылғы 1-тоқсанда 8,4 млрд болды. Бұл 2015 жылғы 1-тоқсанмен салыстырғанда 30,5%-ға төмен. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
"Мұнай және газ конденсаты экспортының құны 41,1%-ға қысқарды, ал қалған тауарлар бойынша экспорт 12,8%-ға қысқарды. 2015 жылғы 4-тоқсанға қатысты экспорт 16,7%-ға қысқарды", -делінген хабарламада.
Тауарлар импорты 2015 жылғы 1-тоқсанға қатысты 27,8%-ға қысқарып, 5,7 млрд долларды құрады (2010 жылдан бастап тоқсан ішіндегі ең төмен көрсеткіш). Импорт көлемінің күрт тарылуы ең алдымен бағамның түзетілуі әсері есебінен орын алды. Тауарларды әкелудің төмендеуі өнімнің барлық түрі бойынша орын алды, ең көп төмендеу азық-түлікке жатпайтын тұтыну тауарларын және инвестициялық тауарларды әкелу бойынша орын алды.
Импорттың қысқару қарқындарын экспорттың төмендеуімен теңестіру 2014 жылдан бастап байқалған таза экспорт көрсеткішінің қысқаруын баяулатты – 2016 жылғы 1-тоқсанда сауда балансының профициті 2,7 млрд доллар болды, бұл 2015 жылғы 4-тоқсандағы көрсеткіштен 21,8%-ға жоғары (2015 жылғы 1-тоқсандағы көрсеткішке қарағанда 35,4%-ға төмендеу).
Алдын ала бағалау бойынша қаржы шоты бойынша капиталдың таза әкелінуі (Ұлттық Банктің резервтік активтерімен операцияларды қоспағанда) 2016 жылғы 1-тоқсанда 1,0 млрд долларды құрады (2015 жылғы 1-тоқсанда 2,6 млрд доллар) және негізінен портфельдік инвестициялар түрінде капиталдың әкетілуі аясында тікелей инвестициялардың әкелінуімен қамтамасыз етілді.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024