Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандағы әрбір бесінші жұмыссыз Алматыда және оған іргелес аумақта тұрады

Қазақстандағы әрбір бесінші жұмыссыз Алматыда және оған іргелес аумақта тұрады

Қазақстандағы әрбір бесінші жұмыссыз Алматы қаласында және оған іргелес Алматы облысында тұрады, деп хабарлайды 7kun.kz.

Бұл өңірлерде жұмысcыз жүргендердің саны 100 мыңнан астам адамды құрайды.

Жұмыссыз халық саны бір жылда 0,6%-ға азайып, 450,4 мың адамды құрады. Ал бір жыл бұрын көрсеткіш бірден 2,6%-ға өскен болатын.

Қала мен ауылдағы жұмыссыздық деңгейінің алшақтығы артуда. Мәселен, жыл басындағы қалалардағы жұмыссыздық деңгейі 2020 жылдың соңымен салыстырғанда өзгеріссіз 5%-ды құраса, ауылдағы жұмыссыздық деңгейі бір жылда 4,8%-дан 4,7%-ға төмендеді.

Сондай-ақ, ерлер арасындағы жұмыссыздық деңгейі бір жылда 4,4%-дан 4,1%-ға қысқарса, әйелдер арасында керісінше 5,4%-дан 5,6%-ға дейін ұлғайды.

Өңірлер арасында жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі Түркістан облысында және Алматы қаласында байқалды – 5,1%. Одан кейін Шымкент пен Батыс Қазақстан облысы – 5%. Ал ең төменгі жұмыссыздық деңгейі Нұр-Сұлтан мен Қарағанды ​​облысында тіркеліп, 4,6%-ды құрады.

Сан жағынан алғанда жұмыссыздардың ең көп саны Алматыда тұрады: 52,9 мың адам. Одан кейін орында Алматы (49 мың адам) және Түркістан (41,8 мың адам) облыстары.

Похожие материалы