Алматы. 24 қазан. 7kun.kz — Мемлекеттік кіріс комитетінде блокчейн технологиясын енгізгеннен кейін салық есебі қалай жүргізілетінін хабарлады.
Ведомство ақпараты бойынша, технологияны бөлек төлемдер механизмінде пайдалану жоспарланып отыр, онда тауарлар, жұмыстар мен қызметтер бағасынан қосылған құн салығын бөлу қарастырылған. Бұл ретте өнім құны өнім берушінің есеп айырысу шотына, ал ҚҚС сомасы арнайы банктік шотқа есептеледі.
"Қосылған құн салығын жинау процесінің бастапқы сатысында салық арнайы банктік шотқа жеке аударылады. Одан ақша қаражаты бюджет алдындағы берешекті өтеуге немесе өнім берушінің осындай шотына бағытталуы мүмкін. Бұл алынған құн салығы бойынша салық төлеушілердің жоғалып кетуіне жол бермейді.» - деп түсіндірді МКК.
Енгізу мерзіміне келетін болсақ, Комитетте қазір блокчейн технологиясы халықаралық тәжірибені зерттеу сатысында тұрғанын хабарлады. Жыл соңына дейін Қазақстанда қолдану үшін ұсыныстар әзірлеу жоспарланған.
Өз кезегінде Tech Garden басшысы Асқар Сембин олардың тарапынан жүйенің техникалық әзірленуі аяқталып, енгізуге дайын екенін айтты.