Қазақстандағы ең арзан әуе билеттері наурыздың соңында сатыла бастайды
Алматы. 18 наурыз. 7kun.kz – Fly Arystan әуе компаниясы 29 наурызда әуе рейстеріне билет сата бастайды. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінен хабарлады.
Ал мамырдан бастап Алматыдан Астанаға, Атырау, Көкшетау, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Таразға күнделікті ұшады.
Қазіргі кезде Эйр Астанамен бірге бюджеттік авиакомпанияны іске қосу бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр.
Fly Arystan-да әуе билеттерінің құны 40-45 доллар (15-17 мың теңге) көлемінде болмақ. Салыстыру үшін айта кетейік, ішкі рейстер бойынша «Эйр Астана» билеттерінің орташа құны –100 долларға жуық.
Әуе рейстері үшін бастапқы кезде «Эйр Астана» 180 орындық эконом-классты төрт Airbus A320 ұшағын бөледі. 2022 жылдың соңына қарай жаңа компанияның 15 жеке лайнері болады деп жоспарлануда.
«Эйр Астана» президенті Питер Фостер бюджеттік авиакомпания EasyJet Airline Company Limited, IndiGo, Cebu Pacific Air және AirAsia сияқты классикалық лоукост-модель бойынша жұмыс істейтіндігін мәлімдеді. Орта мерзімді перспективада жақын шетел бағыттары бойынша маршруттық желіні кеңейту күтілуде. Фостердің айтуынша, жаңа әуе компаниясы рейстер іске қосылғаннан кейінгі екінші жылдан бастап кіріс әкеле бастайды.
Похожие материалы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





