Алматы. 20 қыркүйек. 7kun.kz – Алматыда өткен Kazakhstan Growth Forum бизнес саммитінде 2019 жылдың ең үздік компания басшыларының аты аталды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша бастапқы кезде 2000 ірі, жетекші компанияның басшылары іріктелген. Кейін құрамында Ораз Жандосов, Қадыржан Дамитов бастаған 11 адамнан тұратын комиссия үздік үш CEO-ны анықтаған. Биыл Михаил Ломтадзе (Kaspi.kz), Ерлик Балфанбаев (Alina Group) пен Ренат Исмаилов (Technodom Оperator) ең үздік басшылар деп танылды.
«Біздің компанияны табысты қылуға жетелеген барша қазақстандықтарға, клиенттерімізге алғыс айтқым келеді. Біздің ұялы қосымшамызды қолданушылар саны 4,5 млн адамнан асты. Қазақстанда өткен жылмен салыстырғанда қолма-қол емес төлем есі еседен де жоғары, 209% өсті. Қазақстан бұл жағынан әлемде ең жылдам өсіп келе жатқан нарық саналады. Бұл жетістікке біз клиенттерімізбен бірге жеттік»,-деді Михаил Ломтадзе.
Айта кетейік, биыл маусым айында консалтинг пен аудит саласының көшбасшысы PricewaterhouseCoopers (PwC) Михаил Ломтадзені технологияларды енгізу жағынан халықаралыө көшбасшы деп атаған еді.
Deal of the Year – 2019 жылдың үздік келісімі Fly Arystan-ның іске қосылуы болды.
Айта кетейік, Kazakhstan Growth Forum-ы жыл сайын танымал экономистер, қаржышерлер мен халықаралық компания басшылары, сарапшыларды жинайды. Мұнда геосаясат, инновацияның жаңа мүмкіндіктері сарапқа салынады.
Бұл жолы қатысушылар Бизнестің даму мүмкіндігі – 2020, инклюзивті капитал, урбандалу өсім капиталы тақырыптарын талқылады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024