Қазақстандағы ForteBank акционерлері 2021 жылға қарапайым акциялар бойынша дивидендтер төлемеуге шешім қабылдады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Банк таратқан ақпаратқа сәйкес, таза кірісті банктің иелігінде қалдыру туралы шешім қабылданды. Мұндай шешім 6 сәуірде акционерлердің жылдық жалпы жиналысында қарастырылды.
2021 жылы қаржы мекемесінің таза пайдасы 64,06 млрд теңгені құрады.
Ал 2020 жылы банк 52,961 млрд теңге дивиденд төлеген.
Қазақстан қор биржасының мәліметтері бойынша, банктің 150,003 млрд теңгеге жарияланған қарапайым акциялары бар. Оның ішінде 92,387 млрд орналастырылған, ал қаржы институтында артықшылықты акциялары жоқ.
Айта кетейік, ForteBank-тің негізгі акционері белгілі қазақстандық бизнесмен Болат Өтемұратов болып табылады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің деректері бойынша, ForteBank 2022 жылғы 1 наурызда республиканың 22 банкі арасында активтер көлемі бойынша 6-шы орында тұр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024