Алматы. 2 қазан. 7kun.kz - 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстандағы инфляция деңгейі туралы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті хабарлады.
Сонымен, елдегі инфляция 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 3,3%-ды құрады. Осы кезеңдегі азық-түлік тауарларының бағасы (2019 жылдың қыркүйегімен 2018 жылдың ұқсас кезеңін салыстырғандА) 6,2%-ға, азық-түлік емес тауарлар - 3,3%-ға өсті, ал ақылы қызметтер 0,3%-ға төмендеді.
Сондай-ақ, хабарламада айтылғандай, азық – түлік өнімдеріне, оның ішінде тарыға – 52,4%, күрішке – 22,6%, картопқа – 19,6%, ұнға – 16,5%, қой етіне – 14,7%, мұздатылған балыққа – 13,9%, сиыр етіне – 13,1%, жылқы етіне -12,1%, нан, құс етіне – 10% және т.б. бағалардың өскені байқалады. Өз кезегінде, жаңа піскен көкөністердің бағасы - 12,6%, құмшекер - 8,7%, шикі сүт - 3,6%, жұмыртқа - 1,6%, сүзбе - 1% арзандады.
Темекі өнімдері – 10,5%-ға, салқындатылған сусындар - 10,4%-ға, алкогольді сусындар - 6,4%-ға қымбаттады.
Ал бензин 4,6%ға, тас көмір - 1,3%-ға, дизель отыны, баллондағы сұйытылған газ - 0,9%-ға арзандады.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер орталық жылытуға – 11%-ға, ыстық суға – 10%-ға, суық суға – 8%-ға, кәрізге - 7,2%-ға, электр энергиясына - 5,6%-ға, таратушы желілер арқылы тасымалданатын газға - 4,4%-ға, қоқыс шығаруға - 3,6%-ға төмендеді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024