Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері 99 898 теңгені құрады, деп хабарлайды Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі.
«Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (оның ішінде базалық зейнетақы) 2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 99 898 теңгені құрады. 2021 жылдың қаңтар - маусым айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 410,8 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне – 928,9 млрд теңге бағытталды», дейді министрлік ақпаратында.
1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстандағы зейнеткерлер саны 2 млн 239 мың адамды құрайды.
Министрлік, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, оның зейнетақы жүйесіндегі тәжірибесін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатынын да ескертіп өткен.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024