Қазақстан. 15 тамыз. 7kun.kz – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елдегі орташа зейнетақыны атады, ол 109 156 теңгені құрады, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Биылғы жылдың жеті айында қазақстандықтарға 1,7 триллион теңгеден астам зейнетақы төленді. 2022 жылғы шілдеде зейнетақы төлемдеріне республикалық бюджеттен 243,3 млрд теңге бөлінді, оның 73,9 млрд теңгесі базалық зейнетақыға, 169,4 млрд теңгесі ынтымақты зейнетақыға төленді», – делінген хабарламада.
2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 миллион 247 мың адамды құрайды.
Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін қоса алғанда) 2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 109 156 теңгені құрады.
Айта кетейік, шілдеде зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері базалық зейнетақы төлемін есепке алғанда 117 469 теңге болған еді.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024