Қазақстандағы президенттік сайлауға 11 млн-нан астам қазақстандық қатыса алады
Алматы. 22 сәуір. 7kun.kz – ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сайлаушылар тізімінде 11 млн 814 мың 19 адам бар екенін мәлім етті, - деп хабарлайды kursiv.kz.
«Сайлаушылар тізімін қалыптастыру процесін енді әкімдіктер ұсынатын тізімдердегі айырмашылықты анықтайтын аумақтық сайлау комиссиялары бақылайды. Оларды жедел режимде пысықтайды. Аталған жұмыс 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сайлаушылар тізіміне 11 млн 814 мың 19 адамды қосуға әкелді. Тізімнің дұрыстығына жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғалары жауапты», - деді ол.
Оның сөзінше, бұл көрсеткіш өзгеруі мүмкін. Осы уақытқа қарай біреу кәмелеттік жасқа жетуі мүмкін, өкінішке орай қайтыс болған адамдар болады.
«Бұл кәмелетке толған, белсенді сайлау құқығына ие, сотталмаған, әрекетке қабілетті адамдар. Бірақ тізімдерде динамикалық мән. Бұл 1 қаңтардағы көрсеткіш. 1 мамыр мен 1 маусым аралығында ол өзгеруі мүмкін, өкінішке орай қайтыс болған адамдар болады. Осы уақытқа қарай біреу кәмелеттік жасқа жетуі мүмкін. Сотталғандардың дауыс беруге құқығы жоқ», - деді Петров.
Оның айтуынша, сайлаушылар тізіміне белсенді сайлау құқығы бар ҚР азаматтары енгізіледі. Азаматты нақты сайлау учаскесінде сайлаушылар тізіміне енгізу үшін оның осы сайлау учаскесінің аумағындағы тұрғылықты жері бойынша тіркелу фактісі негіз болып табылады. Тұрғылықты жері деп тұрақты тіркеу орны түсініледі.