Алматы. 22 шілде. 7kun.kz — 2019 жылдың І жартыжылдығында Қазақстанның негізгі капиталына түскен инвестициялар 5,2 трлн теңгеге жетті.
Қаржыландырудың ең үлкен үлесін әдеттегідей өнеркәсіп алды - 3,4 трлн теңге. Оның ішінде ең көп қаражат тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді қазуға бағытталды. Бұдан әрі экономиканың ең көп инвестицияланатын салаларының үштігінде жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар, сондай-ақ көлік және қоймалау болды.
Сонымен қатар, білім беру саласы (75,5 млрд теңге) денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет саласынан (43,7 млрд теңге) қарағанда көп инвестиция тартты. Медицина және шығармашылық салаларын басып озды. Өнер, ойын-сауық және демалыс үшін 54,4 млрд теңге бөлінді.
Бұл ретте өзге шығыстарды есептемегенде, инвестициялардың ең аз үлесін мемлекеттік басқару мен қорғаныс, сондай-ақ міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету алды.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024