Алматы. 31 шілде. 7kun.kz — Kcell мобильді операторы және Bank of China қазақстандық еншілес ұйымы 9,5 миллиард теңгеге несие желісін ұсыну туралы келісім жасады. Бұл туралы Kcell баспасөз қызметі хабарлады.
Жаңартылатын (револьверлік) несие желісі жылдық 10,5% тіркелген сыйақы мөлшерлемесімен 36 айға есептелген. Несиелеудің мұндай схемасы қарыз алушыға алдын ала белгіленген лимит шеңберінде қажеттілігіне қарай мезгіл-мезгіл қаражат алуға, берешектің барлық сомасын немесе оның бір бөлігін ғана өтеуге, кредиттік желінің қолданылу мерзімі ішінде қайта қарыз алуды жүргізуге мүмкіндік береді.
Келісім бойынша Kcell-дің міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ететін негізгі акционер – "Қазақтелеком"АҚ кепілдігі болды.
Еске сала кетейік, 2018 жылғы 21 желтоқсанда "Қазақтелеком" АҚ Telia Company және Fintur Holdings B.V. компанияларына тиесілі Kcell-дің 75% акциясын сатып алды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024