Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандағы Украина елшісі ауысады – СІМ

Қазақстандағы Украина елшісі ауысады – СІМ

Астана. 5 қазан. 7kun.kz – Украина Петр Врублевскийдің орнына Қазақстандағы жаңа елшіcін тағайындайды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Оның айтуынша, Ресей СІМ өкілінің офицері Захарованың украиналық елшіні Қазақстаннан шығаруға қатысты пікіріне байланысты оның мәлімдемесінің мәнері, тең құқылы стратегиялық серіктестер ретінде өскен одақтық қатынастардың сипатына сәйкес келмейді.

«Украина тарапына Петр Врублевскийдің қазақстандықтардың, әсіресе, этникалық орыстардың сезіміне нұқсан келтіретін мәлімдемелері туралы айтылды. Украина тарапына да мұндай мәлімдемелердің елшінің жұмысымен сәйкес келмейтіні туралы айтылды. Украиналық тарап мұны түсіністікпен қабылдады және оны қайтарып алу туралы келісімге келді. Қазір Украина СІМ-ден Астанадағы жаңа елшіні тағайындау туралы өтініш түсті. Украина тарапымен осы мәселе бойынша толық түсіністік бар екенін атап өткім келеді», – деді Айбек Смадияров.

СІМ ресми өкіліЗахарованың елшіні қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы үндеуіне пікір білдірді.

«Ресей СІМ өкілі қандай қылмыстық жауапкершілік туралы айтып отырғанын түсіне алмаймыз, өйткені Украинаның Қазақстандағы елшісі Вена конвенциясына сәйкес дипломатиялық иммунитетке ие», – деді ол.

Айта кетейік, бүгін Ресейдің сыртқы істер министрлігі Қазақстанның елшісі Ермек Көшербаевты шақырып, Украина елшісі Петр Врублевскийдің әлі күнге дейін ресми шараларға қатысып жүргенінен қатысты наразылық білдірді.

Похожие материалы