Экономика
Авто
Қазақстандағы жарнама нарығының табысы қанша?
Алматы. 19 қараша. 7kun.kz - Мұндай деректерді Kazakhstan media summit 2018 шарасында айтылды. 2017 жылы еліміздегі жарнама нарығының табысы 41,3 млрд теңге болды. 2018 жылғы өсім 12 пайыз болмақ.
[su_quote]"Тұтынушылардың 69% телевизияда. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 15%-ға өскен. Ал Интернеттегі жарнама табысын бағалау қиынға соғатындықтан нақты деректер көрсетілмей отыр. Баспасөз бен сыртқы жарнамада құлдырау байқалады. Радиодағы жарнама табысы керісінше 5%*-ға артқан",- деді TNS Central Asia-ның директоры Татьяна Старцева. [/su_quote]
Көрсетілген деректерге сәйкес жарнамаберушілердің де қатары азайған. Баспасөз бір жыл ішінде 31% жарнамаберушіден айырылса, сыртқы жарнамада бұл көрсеткіш 14%-ға, теледидарда 19%-ға төмендеген. Интернетке жарнама беретіндер керісінше, 40%-ға өсті.
CEO Select communication group Виктор Елисеев саммитте өткен жылы теледидар нарығында елеулі өзгерістер болғанын айтты. Оның айтуынша, Ресейде интернет жарнама нарығында теледидарды баяғыда-ақ артта қалдырған екен.
"2019 жылы деректерді дербестендіру үрдісі қарқын алады, назар мессенджерлерге ауады. Жарнамаберушілердің өздері агенттіктердің қызметін атқаратын болады. Көптеген компаниялар агенттік тапсырмаларды орындайтын базалық команда жасақтайды. Сондай-ақ, нарықта автоматтандыру және роботтандыру басты мәселеге айналады. Қаражаттың көп бөлігі осы салаға бөлінеді. Жарнама нарығында адам баласы көрсететін қызмет түрлері жойылады. Әрине, бір жылда емес, 10 жылға арналған жоспар", - деді Виктор Елисеев.